Футболдан Қазақстан премьер-лигасының алғашқы турында «Қайрат» пен «Атырау» командалары кездесті. Алматының орталық стадионына жиналған жанкүйердің қарасы көп болды бұл күні. «Қайраттың» 60 жылдығына орай матч алдында ерекше қойылым ұйымдастырылды. Артынша ойыншылар алаңға шығып, мемлекеттік әнұран шырқалды.

Бірінші кезең қалыпты жылдамдықпен өрбіді. Заурбек Плиев, Жарко Маркович, Бауыржан Исламхан, Ермек Қуантаев, Милош Лечны сынды маусымаралықта «Қайратқа» ауысқан жаңа ойыншылар  негізгі құрамда шықты. Алайда жанкүйер қауым олардың ойынынан ортақ ұйытқы байқамады. «Қайрат» үнемі шабуылдағанмен «Атыраудың» соққылары өткірірек болды. Бір рет қақпа бағанасына тиіп екі-үш рет Лорияның мазасын алған атыраулықтар ақыры 32-ші минутта діттегеніне жетті. Савио Нсереко орта шеппен еркін өтіп жойқын соққы жасады. Допты қайтаруға тырысқан Лория – дәрменсіз... 1:0.

Үзіліс кезінде Владимир Вайсстан сөгіс естіген алматылықтар екінші кезеңге ерекше дайындықпен шықты. «Қайрат» он минут бойында үздіксіз шаубылдады. Момоду Сисей мен тыңнан қосылған Жамбыл Көкеевтің екі соққысы ғана қауіпті болды. Басқа сәттерде алматылықтар қауіп төндіре алмады. Сол қанатта ойнаған Бауыржан Исламхан әріптестеріне жақсы пас шығарып беруге тырысқан. Алайда «Қайрат» ойыншыларына батылдық жетіспеді. «Атырау» қақпашысы Андрей Шабановтың ойынын ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ батысқазақстандықар сапындағы 7-ші нөмір Эссаме алаңның ортасында белсенді болды.  90 минут бойында бір жақсы шабуыл ұйымдастырып, нәтиже шығаруға қауқарсыз болған «Қайрат» ақыры жеңіліс тапты. Сауатты қорғанып допқа мықты талас жүргізген «Атыраудың» еншісінде 3 ұпай.

 

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 1-ші тур.

«Қайрат» - «Атырау» - 0:1

Гол: Нсереко, 32