Футболдан ел біріншілінің бірінші турында керекулік «Ертіс» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдады. 
 
Матч өте тартысты өрбіді. Тармо Рюйтли баптайтын «Ертіс» командасы ойынның 32 минутында есепті ашты. Евгений Аверченко Юрий Мокинді қапы қалдырды - 1:0. Артынша, кеншілер есепті теңестіруге ұмтылғанымен, қорытынды есеп өзгермеді. 
 
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 1-ші тур.
 
«Ертіс»-«Шахтер»-1:0
 
Гол: Аверченко, 32