Жанкүйерін ұрған ПСЖ-ның шабуылшысы Неймар Бразилия құрамасына шақыртылмауы мүмкін.

O Tempo басылымының хабарлауынша, «Ренн» командасымен Франция кубогы финалының матчынан кейін Неймар жанкүйерін жұдырықпен ұрып жіберген. Осы қылығы үшін 27 жастағы шабуылшы Бразилия құрамасының сапына шеттетіледі. Сондай-ақ Неймар ұлттық құрамадағы капитандық міндетінен айырылады.

Айта кетейік, бұған дейін «Ювентус» клубының ойыншысы Дуглас Коста көрерменге түкіргені үшін Бразилия құрамасына шақыртылмаған еді.