Ташкентте өткен велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық шабандоздар олимпиаданың бір жолдамасын иемденді.

Құрлық чемпионатында қазақстандық велошабандоздар 555 рейтингілік ұпай жинады. Қазан айында ұпайлар толығымен есептеліп, 2020 жылғы Токио олимпиадасына қанша жолдама алғанымыз белгілі болады.

Айта кетейік, Азия чемпионатында қоржынымызға алты алтын медаль түсті. Жалпы есепте бірінші орын иеледік. Кәсіби спортшыларымыз мүмкін болған үш алтынның барлығын иеленсе, 23 жасқа дейінгі жастар бір алтын, күміс және қола иеленді.