Жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жақында шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді.

Бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental және WBO NABO чемпиондық белбеулерінің бұрынғы иегері Instagram парақшасында: «Қанат пен QAZAQ PROMOTIONS-тің ынтымақтастығы және алдағы болатын жекпе-жегi туралы ақпарат көп ұзамай жарияланады!» деп жазды.

Кәсіпқой рингте 25 жекпе-жек өткізіп, жеңіліс дәмін татпаған «Qazaq» лақап атымен танымал боксшы соңғы кездесуін 2017 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. Кездесудің 9 раундында қарсыласы Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA тұжырымының аймақтық чемпиондық белбеуін иемденген болатын.

Өткен жылы 23 маусымда Қанат Ислам Лос-Анджелес қаласында жекпе-жек өткізу қажет болған. Алайда жарақатына байланысты бұл шаршы алаңға шығудан бас тартқан. Сондай-ақ биыл наурыз айында АҚШ-та жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат шыққан еді.