Футболдан Қостанайлық «Тобыл» мен семейлік «Спартак»  ел біріншілігінің алғашқы турының тұсауын кесті.
 
Қостанайда өткен кездесу баяу басталды. Алғашқы таймда гол соғылмады. Екінші таймда «Спартак» ойыншысы Йовановичтің пасынан Максим Азовский ҚПЛ-2014-тің алғашқы голын соқты. Артынша, қостанайлық есепті теңестірді. Голдың авторы - Анатолий Богданов. Екі минуттан кейін, Огнен Красич алаң иелеріне жеңіс сыйлады - 2:1. 
 
 
Футболдан Қазақстан чемпионаты. 1-ші тур.
 
«Тобыл»-«Спартак»-2:1
 
Голдар: Богданов, 76, Красич, 79 - Азовский М, 67