Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Словенияға(3:2) қарсы матчтан кейін журналистерге сұқбат берді.

«Жаһан додасындағы бірінші ойын өте маңызды. Нәтижеге ризамын. Екі шайбы өткізіп алдық. Командамның одан кейінгі ойыны ұнады. Иә, қарсылас бізді жазалады, көктен жерге түсірді. Бірақ, біз бірінші периодтан кейін босаңсыдық дей алмаймын. Команда басынан соңына дейін матчта болды. Қарсыласта да айтарлықтай көп мүмкіндік болған жоқ. Төтеп бердік, жеңіске жеттік. Бірінші матч өте ауыр болатыны түсінікті. Жанкүйерлер алдыңдағы жауапкершілік деген бар»