Қазақстандық параспортшылар халықаралық пара жеңіл атлетика чемпионатында екі жүлдеге ие болды..

24-26 сәуір күндері Морокконың Марракеш қаласында халықаралық паралимпиадалық комитет ұранымен пара жеңіл атлетикадан халықаралық чемпионат өтті.

«Руфат Хабибуллин найза лақтырудан алтын медальды қанжығасына байласа, Дастан Мұқашбеков диск лақтырудан күміс жүлдеге ие болды» - деп хабарлайды паралимпиада комитеті.