«Behind The Gloves» Youtube арнасы берген сұқбатында Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес өз шәкіртімен қоштасқаннан кейінгі сезімін айтып берді.

-Сәрсенбі таңғы 6:30-дар шамасында біз жаттығу залына келдік. Әдетте, бұл уақытта біз бірге жүгіретін едік. Алайда, он бес минуттан кейін ол маған өз алғысын білдіріп, бұрылып кетіп қалды.

Өз ұлымнан айырылған секілдімін. Себебі, әрбір шәкіртім өз өмірін біз үшін бәске тігеді. Біз оларға дұрыс жол сілтеуге тиістіміз. Дәл қазір өмірімнің бір бөлшегі жоғалтып алдым десем артық айтқаным емес.