Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақтөбе» футбол клубының қақпашысы Андрей Сидельников «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында ел суперкубогы үшін өрбіген матч пен мен алдағы маусым жайлы пікірімен бөлісті.

«Чемпионат ұзақ және қиын болмақ. «Ақтөбе» қаншалықты дайын дейсіз бе? Ел біріншілігінің бастапқы бес турынан кейін белгілі болады. Оқу-жаттығу жиынын жақсы өткіздік, бұған қоса Ел суперкубогындағы жеңіс командаға қосымша күш-жігер беретіні анық. Матч өте тартысты өрбіді. «Шахтерде» гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Жалпы кездесу маған ұнады, жанкүйерлер ойыннан ләззат алған шығар деп ойлаймын. Бізге қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге рахмет», - деді Сидельников.