«Алматы Арендағы» УЕФА Чемпиондар лигасының финалында кездесіп жатқан «Кайрат» пен «Спортинг» ойынның алғашқы таймында есеп ашпады.

Қос команда алма-кезек шабуылдар ұйымдастырып, матч тартысты өтіп жатыр. Есепте алға шығудың тамаша мүмкіндіктерінің бірін тайм соңында Тайнан жіберіп алды.

Айта кетейік, бүгін «Кайрат» жеңіске жетсе, бұл турнирде үшінші мәрте топ жарады.