Конькимен жүгіруден Әлем кубогының соңғы кезеңінде қазақстандық спортшы Денис Кузин 1000 метрлік қашықтыққа сайыста соңғы орын алды. 

Кузин жарыстың жеңімпазы канадалық Денни Моррисонмен жарысқан сәтте құлап түсті де, мәреге соңғы болып келді. 
 
 
Конькимен жүгіру. Әлем кубогының финалы. Херенвен (Голландия), Ерлер. 1000 м
1. Денни Моррисон (Канада) — 1:08.91
2. Шани Дэвис (АҚШ) — + 0.22
3. Кьельд Нюйс (Голландия) — + 0.34
17. Денис Кузин (Қазақстан) — + 47.33
 
 
Жалпы есепте Кузин 207 ұпаймен 7-ші орында тұрақтады. Ал, американдық Шани Дэвис Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Оның еншісінде - 590 ұпай. Соңғы кезеңнің жеңімпазы Денни Моррисон 344 ұпаймен екінші, голландиялық Кьелд Нюйс - үшінші (305 ұпай).