24 сәуірде Минскіде өткен бокс кешінде қазақстандық Жан Кособуцкий Венесуэла спортшысы Вильямс Окандоны жеңген еді, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жек бар болғаны екі раундқа ғана созылып, Кособуцкий қарсыласы Вильямсті нокаутқа жіберді. Осылайша, ол Кәсіби мансабындағы 10 жекпе-жектің 9-ын нокаутпен аяқтады (1 кездесуде төрешілер шешімімен жеңді).

Назарларыңызға осы кездесудің видеошолуын ұсынамыз.