Италия А сериясының 34-ші турында «Ювентус» пен «Интер» командалары кездесіп 1:1 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында туриндік команданың шабуылшысы Криштиану Роналду бір гол соғып, есепті теңестірген болатын. Бұл португалиялық футболшы үшін клубтық мансабында соққан 600-ші голы болды.

Роналду «Спортинг» сапында 5 гол, «Манчестер Юнайтедте» 118 гол, «Реал» үшін 450 гол, ал қазіргі командасы «Ювентусте» 27 гол соқты.

Сонымен қатар 10 маусым бойы ұлттық лигаларда 20+ гол соғып келеді.