АҚШ жерінде өткен жұдырықтасуда төрешілердің бірауыздан шешім қабылдап, WBC тұжырымы бойынша жеңісті Хуан Франциско Эстрадаға берді.

Эстрада қарсыласы таиландтық Срисакета Сор Рунгвисаиға 2018 жылдың ақпан айында есе жіберген еді. 12 раундқа созылған бүгінгі кездесуде Эстрада кек қайтарды десек те болады. Текетірестің ортасында демесеңіз, қалған уақыттың бәрінде мексикалық былғары қолғап шебері қарсыластан толықтай басым болды.

Солтүстік Америкалық үшін бұл мансабындағы 37-ші жеңісі. Ал, Рунгвисаи бесінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татып отыр.