Қазақстандық теннисші Александр Гринчишина мен украиналық Катерина Слюсарь Астанадағы ITF турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды.  

Жекелей сайыстың жартылай финалында жерлесіміз Камила Керімбаева ресейлік қарсыласы Екатерина Яшинадан айласын асырып, ақтық кездесуде тағы бір ресейлік теннисші Наталья Орловамен күш сынасады.

 

Жекелей сайыс. 1/2 финал

Камила Керімбаева (Қазақстан) – Екатерина Яшина (Ресей) 3:6, 6:1, 7:5

Наталья Орлова (Ресей) – Альбина Хабибулина (Өзбекстан) 6:1, 6:1

 

Жұптық разряд. Финал

Екатерина Клюева (Қазақстан)/Софья Смагина (Ресей) – Александра Гринчишина (Қазақстан)/Катерина Слюсарь (Украина) 4:6, 6:7 (3:7)