Италияда өтіп жатқан «Тиррено – Адриатико» веложарысындағы екі кезеңнің қорытындысы бойынша, Omega Pharma - Quick-Step командасының британдық шабандозы Марк Кэвендиш жалпы есепте көш бастады.

Бірінші кезеңнің командалық сайысында Omega Pharma - Quick-Step командасы топ жарды. Астана командасы жеңімпазға 54 секунд ұтылып сайысты 16-шы орында аяқтады.  

Ал, екінші кезеңнің жеңімпазы болып IAM Cycling командасының шабандозы Маттео Пелукки атанды.

 

Тиррено – Адриатико велододасы. 2 кезеңнің қорытындысы.

1. Марк Кэвендиш (Ұлыбритания, Omega Pharma - Quick-Step) 4:16:25

2. Михал Квятковски (Польша, Omega Pharma - Quick-Step) + 0:00

3. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma - Quick-Step) + 0:00

93. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) + 0:54

94. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) + 0:54

95. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) + 0:54

96. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) + 0:54

102. Янез Брайкович (Словения, Astana Pro Team) + 0:56

153. Дмитрий Груздев (Қазақстан, Astana Pro Team) + 3:05

169. Алексей Луценко (Қазақстан, Astana Pro Team) + 8:26

176. Джакопо Гуарньери (Италия, Astana Pro Team) + 14:58