Бүгін Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жартылай финалдың екінші ойынында испаниялық «Барселона» мен алматылық «Қайрат» командалары кездесті.

Матчтың басы қауіпті шабуылдарымен есте қалмады. Әйтсе де, 6-минутта «Барселонаның» капитаны Лозано ұрымтал тұстан «Қайраттың» бос қақпасын көздей алмады. Жалпы алғанда, ойынның басында испаниялықтар допқа көбірек иелік етті.

Бірінші таймның ортасында «Барселона» есеп ашуға жақын болды. Бірақ испаниялықтардың қатарынан жасаған екі соққысы да бағанаға тиді.

Артынша командалар алма кезек соққылармен алмасып отырды. Бірақ барлық жағдайда оларға дәлдік жетіспеді.

Алғашқы тайм аяқталарға 3 минут қалғанда алматылық клуб сапынан Тайнан қонақтарға гол соғуға ұмтылғанымен, доп қақпадан сәл қиыс кетті. Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.