«Барселона» ФК жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас каталондық клуб биылғы маусымның барлық турнирінде жеңімпаз атанады деген сенімде, деп хабарлайды испандық БАҚ өкілдері. 

«Біз қатысып жүрген барлық турнирде жеңімпаз атануға тырысамыз. «Манчестер Ситиге» қарсы ойыннан кейін біздің команда өз деңгейін тағы бір рет паш етіп, кез келген жарыстың фавориті екенін аңғартты», - деді футболшы.