Кеше, 25 сәуірде Бангкокта өтіп жатқан (Таиланд) Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы сапында сынға түсіп жатқан 10 боксшының төртеуі финалға өтті. Олар: Закир Сафиуллин (60), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Қамшыбек Қоңқабаев(+91).

Жартылай финалдық жұптар:

Ерлер:

60 келі. Зәкір Сафиуллин (Қазақстан) — Цендбаатар Эрденебат (Моңғолия)75 келі. Тұрсынбай Құлахмет (Қазақстан) — Ашиш Кумар (Үндістан)81 келі. Бек Нұрмағанбет (Қазақстан) — Джон Нобель Марвин (Филиппин)91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Баходир Жалолов (Өзбекстан).

Ақтық кездесулер бүгін, 26 сәуірде өтеді. Фианлдық сессия елорда уақыты сағат 12:00-де басталады.

Жекпе-жектерді тікелей эфиде төмендегі сілтемелер бойынша тамашалауға болады:

А рингі

В рингі