Велоспорттан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеке сайыста Даниил Фоминых алтын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық спортшы 40 км қашықтықты 49 минут 42,86 секундта мәре сызығын кесті.

Қытайлық велоспортшы Тайбэя Фенг Чун Кай жеңімпаздан 11,26 секундқа қалып, екінші орынды иемденді. Үздік үшітікті Гонконг елінің өкілі Чеунг Кинг Лок түйіндеді.