Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы жорығын аяқтады.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы жартылай финалда оңтүстіккореялық Ким Хьен Кюмен қолғап түйістірген. Жекпе-жектің үшінші раундында кәріс боксшысы Васили Левитті екі мәрте есеңгіретіп тастады. Бұдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Ким Хьен Кюге берді.