Жоғары хоккей лигасы аясындағы плей-офф кезеңнің ширек финалына қатысатын барлық командалар анықталды. Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы жарыстың 1/4 финалында краснодардың «Кубань» командасымен ойнайды.
 
Қос команда арасындағы алғаншқы ойындар Қарағанды қаласында наурыздың 17-сі мен 18-аралығында өтеді, қарымта ойындар Краснодарда 22-ші мен 23-ші наурыз күніне жоспарланған.
 
 
Ширек финалдық жұптар:
 
 
«Торос» (Нефтекамск) – «Буран» (Воронеж)
«Рубин» (Тюмень) – «Дизель» (Пенза)
«Молот-Прикамье» (Пермь) – «Южный Урал» (Орск)
«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Кубань» (Краснодар)
 
 
1/4 финалдағы ойындар төрт жеңіске дейін жалғасады.