Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысының «Тау-Самал» лагерінде оқу-жаттығу жиынын бастады.
 
Бұл туралы ұлттық федерациясының ресми сайты хабарлайды. 
 
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы Астанада сәуірдің 23-і мен 27-сі аралығында өтетін Азия чемпионатына жаттығу дайындықтарын жүргізуде.