Ташкент қаласында велоспорттан жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасында жеке жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған бағдарлама бойынша алтын медальді қазақстандық Ульяна Сухоребрик жеңіп алды.

Бұл осы кезекті құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші медаль. Бұған дейін Қазақстан ерлер командасы алтын, ал қыздар командасы күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.