«Атырау» футбол клубының төрт жаңа футболшысы Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Бұл жолы Қазақстан азаматтығын БАТЭ-нің бұрынғы ойыншысы Филипп Рудик, минскілік «Динамода» өнер көрсеткен Дмитрий Пархачев, «Аланиядан» ауысқан Марат Бутуев және «Кубань» мен «Амкардың» бұрынғы қорғаушысы Михаил Афанасьев алды.