Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Түркиядағы «Челленджер» турнирінің 1/16 финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Теннисші чехиялық Катерина Синяковаға қарсы ойнады. 2 сағат 5 минутқа созылған кездесуде үш сетте - 3:6, 6:2, 6:4 есебімен жерлесіміз қарсыласын ұтты.

19 жастағы қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.