81 кг дейін салмақта өнер көрсететін Денис Ұланов Азия чемпионатында қола жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жұлқа және серпе көтеруден 356 (160+196) келіні бағындарған қазақстандық ауыр атлет қола жүлдеге ие болды.

Тағы бір қазақсттандық ауыр атлет Нұрлыбек Сәменов жарақат алып қалды.

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Нинбода (Қытай) өтіп жатыр. Қазақстанның қоржынында қола медаль бар. Оны Арли Чонтей иеленді.