Gorilla Fighting Championship (GFC) ұйымының Президенті Александр Гурьянов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко Қазақстанда төбелесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Біз тамыз айында өтетін турнирді Краснодарда немесе Нұр-Сұлтанда ұйымдастырмақшымыз, — деді Гурьянов.

Емельяненко бразилиялық файтер Луис Энрикемен 10 мамырда Самарада жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда, ресейлік спортшы жарақатына байланысты турнирге қатыспайды.

Емельяненконың еншісінде 28 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең ойын бар.