Алматы облысында ат спорты түрлерінен жастар арасындағы бірінші Азия чемпионаты аяқталды.

Бір аптаға созылған байрақты бәсекеде бабы келіскендер топ жарды.

Көкпар сайысының финалында біздің жігіттер Моңғолия құрамасымен күш сынасты. Жігіттер жергілікті жанкүйерлер алдында аянып қалған жоқ. Дегенмен Баянөлгейден келген қандастарымыз да намысқа тырысып, 4 салым салды. Есеп 7:4.