Бокстан Азия чемпионатының ширек финалда жұдырықтасатын боксшыларымыздың қарсыластары белгілі.

¼ финалда Қазақстан атынан 16 боксшы сынға түседі. Бұған дейін Әнуар Мұзапаров (52 келі) пен Сәния Сұлтанқызы (57 келі) жеңіліс тапқан еді.

Сондай-ақ, бүгін екі боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады. Қатысушылар санының аздығына байланысты Фариза Шолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) жарысты ½ финалдан бастайды.

22 сәуір күні Азия чемпионатының ширек финалында бақ сынайтын боксшылар тізімі:

Күндізгі сессия, басталуы 13:00

Теміртас Жүсіпов (49 келі) - Рамель Макадо (Филиппин)

Қайрат Ерәлиев (56 келі) - Кавиндер Сингх Бишт (Үндістан)

Дариға Шәкімов (69 келі) - Эрденетуя Энхбаатар (Моңғолия)

Кешкі сессия, басталуы 17:00

Алуа Балқыбекова (48 келі) - Джози Габуко (Филиппин)

Санатәлі Толтаев (64 келі) - Амири Махсуд Мал (Иран)

Бек Нұрмағанбет (81 келі) - Ділшодбек Рузметов (Өзбекстан)