Ресей басылымдарының ақпаратына сүйенсек, «Шинниктің» шабуылшысы Константин Дудченко мансабын «Ертіс» футбол клубында жалғастырады. 

Жуырда нальчиктік «Спартактың» бұрынғы капитаны Миодраг Джудовичпен келісімшартқа отырған «Ертіс» ФК, енді 27-жастағы украиналық ойыншыны сатып алды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, Дудченко Ресейдің бірінші лигасында 20 матч өткізіп 6 гол соқты.