Бакуде сәуірдің 24-і мен 26-ы аралығында өтетін УЕФА кубогы төрттік финалының жеребесі тартылды. «Қайрат» жартылай финалда мәскеулік «Динамомен» күш сынасады. 

Екінші жартылай финалда «Барселона» мен әзербайжандық «Араз» кездеседі. Барлық ойындар Бакудегі «Серхедчи» спорт кешенінде өтеді.