Бүгін алты күнге жалғасқан «Түркия туры» көпкүндігінің қорытынды кезеңі өтті.

Соңғы кезеңде Lotto Soudal командасының шабандозы Юэн Калеб жеңіске жетсе, мәре сызығын екінші болып Deceuninck-Quick Step өкілі Фабио Якобсен кесті. Ал BORA-Hansgrohe командасының шабандозы Сэм Беннетт үздік үштікті түйіндеді.

«Түркия туры», 6-шы кезең

1. Юэн Калеб (Lotto Soudal) - 4:10:41

2. Фабио Якобсен (Deceuninck-Quick Step) - +0:01

3. Сэм Беннетт (BORA-Hansgrohe) - +0:04

....17. Мерхави Кудус («Астана») - +0:07

Ал 17-ші нәтижені көрсеткен «Астананың» шабандозы Мерхави Кудус жалпы есепте үштікке енді.

Жалпы есеп:

1. Феликс Гроссшартнер (BORA-Hansgrohe) - 24:53:58

2. Валерио Конти (UAE-Team Emirates) - +0:19

3. Мерхави Кудус («Астана») - +0:25