Сәуір айының 24-і мен 26-сы аралығында Баку қаласында өтетін УЕФА кубогының финалдық кезең қарсаңында, «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау жоспарымен бөлісті.«Осы күнге дейін «Қайратпен» үлкен жетістіктерге жеттік. Нәтижелер жылдан жылға жақсарып келеді. Менің ең басты жеңісім – ол жанкүйерлдерің қолдауы. УЕФА кубогын жеңіп алу – кез келгеннің пешенесіне жазылмаған. Осы бір қайталанбас сезімді тағы бір бастан өткергім келеді. Командам былтырғы жеңісті қайталай алады», — деді Какау azerisport.com. сайтына.