«Ювентус» тарихта 35 рет және қатарынан сегіз мәрте Италия чемпионатында жеңіске жетті.

Чемпиондық кездесуден соң Криштиану Роналду биылғы жылды қорытындылады.

- Биыл жақсы жыл болды. Командаға үйреністім. Бақыттымын. Суперкубок пен А Сериясында жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Чемпиондар лигасында жақсы ойын көрсеттік, келесі жылы бұдан да жоғары нәтиже көрсететінімізге сенімдімін. «Ювентуста» қалатыным 100 пайыз, - деді португалиялық футболшы.