Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Анвар Мұзапаров қырғыз спортшысы Азат Үсенәлиевпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Мұзапаров жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады. Сөйтіп, келесі кезеңге қырғызстандық боксшы өтті.