Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Артур Едигарян «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатта жаңа маусымда алтын медальға таласатынын айтты. 

«Біздің басты мақсатымыз – ол Қазақстан чемпионатын ұту. Сондай-ақ, ел кубогында және Еуропа лигасында сәтті өнер көрсету. Маусымға дайындықты жақсы өткіздік, мықты командалармен ойнадық. Бұған қоса, командамызды мықты ойыншылар толықтырды. Сондықтан, бізге қойылған мақсат – тек қана жеңіс», - деді Едигарян.