Дзюдодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Азия чмепионатында Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

60 келі салмақта сайысқа түскен дзюдошымыз қола жүлде үшін өткен сайыста өзбекстандық Шарофиддин Латфуллаев қарсы күресте жеңіске жетіп, үшінші орыннан көрінді.

Турнир 20-23 сәуір аралығында өтеді. Құрлықтық біріншілікке 39 елден 300-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланып отыр.