«Астана» хоккей клубы студенттік командалар арасындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Финалдық матчта астаналықтар чехиялық қарсыласын 6:2 есебімен ұтты. Турнир барысында қазақстандық команда жеңілген жоқ.

Айта кетейік, Қытайдағы турнирде елордалық команда Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің атынан шықты.

«Астана» (Нұр-Султан) – Чехия 6:2 (2:1, 1:0, 3:1)

1:0 – Ыбыраев (Машинец , Балдин) – 09:41

2:0 – Машинец (Балдин К., Ыбыраев) – 14:53

2:1 – Уйфалуши (Секерка, Херна) – 17:18 ГБ

3:1 – Қарпасов – 25:10

4:1 – Ғабдуллин (Балдин, Пак) – 41:56

5:1 – Атаханов (Карпасов) – 53:42

5:2 – Утрата – 56:20 ГБ

6:2 – Асуханов Ю. (Лобанов И.) – 58:37 ПВ

Қақпашылар: Кудрявцев – Масталирски

Соққылар: 33-25