«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі үшінші ойынында, Екатеринбургте «Автобомилистен» басым түсті.

Ойын өте тартысты өрбіді, дегенмен кездесудің алтыншы минутында айдын иелерінің хоккейшісі Артем Чернов таблода есепті ашты. Артынша, «Барыс» хоккейшілері алға ұмтылып, екінше кезеңнің басында Константин Романовтың көмегімен есепті теңестірді – 1:1. Ал, матчтың аяқталуына төрт минут қалғанда Константин Руденко өз командасына жеңіс әперді – 2:1. Енді, елордалықтар шығыс конференциясының жартылай финалына шығу үшін Автобомилисті тағы бір рет ұтуы қажет, әзірге сериядағы есеп – 3:0.

 

«Автомобилист» (Екатеринбург) – «Барыс» (Астана) 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)

1:0 – Чернов (Лазарев) – 06:59

1:1 – Романов (Руденко) – 23:31

1:2 – Руденко (Боченски) – 56:12

ҚақпашыларКоварж – Еремеев

Сериядағы есеп0:3