Питерлік «Зениттің» бас бапкері Луччано Спалетти жұмыстан босатылды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

55 жастағы итальяндық маман Зенитті 2009 жылы қабылдаған болатын. Спалеттидің келуімен питерлік команда ел чемпионатында екі рет топ жарса, бір рет Ресей кубогын және суперкубогының жеңімпазы атанды.

Команданың уақытша бапкері болып Зениттің бұрынғы ойыншысы Сергей Семак тағайындалды.