«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Нант» клубына қарсы өтетін чемпиондық матчқа қатыспайды.

Париждік клубтың бас бапкері Томас Тухель Мбаппені «Лилль» командасынан 5:1 есебімен жеңіліс тапқан соң әріптестерін «әуесқойларға» теңегені үшін аладғы ойынның құрамына қоспаған.

Дәл қазір ПСЖ Франция чемпионатында көш бастап келеді. Егер бүгінгі кездесуде «Нант» командасын жеңсе, уақытынан бұрын чемпион атанады.