Жартылай жеңіл салмақта WBA NABA чемпионы Мұса Тұрсынғалиев мексикалық боксшы Райан Гарсияны жекпе-жекке шақырды.

«Сәлем, Райан! Сенің мықты жауынгер екеніңді білемін және құрметтеймін. Бірақ сен өз салмағыңда үздік болғың келсе мықтылармен жұдырықтасуың қажет. Сенімен бір шаршы алаңға шығып, қолғап түйістіргім келеді. Қанекей, жекпе-жек өткізейік. Жанкүйерлерге бокс мерекесін сыйлайық. Қазақ боксы мексикалық боксқа, қазақ стилі мексикалық стилге, қазақ қаны мексикалыққа қарсы. Тек «Иә» десең болды. Сенің жауабыңды күтемін. Құрметпен, Мұса!» — деді қазақ боксшысы өзінің бейнежолдауында.