Канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 KO) Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілу үшін рингке шықпайтынын айтты. — DAZN мен GGG-ге маған осындай тамаша мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін. Мен өзімді осал боксшылардың қатарынанмын деп есептемеймін, Головкин қарапайым адам ғой, екеуміздің арамызда өтетін жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз есімімді орта салмақтағы мықтылардың қатарына қосқым келеді,- деді Роллс.

Головкин — Роллс жекпе-жегі 8-ші маусымда Нью-Йорктағы «Мэдисон Сквер Гарденде» өтеді.