Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы ЖХЛ-дың 1/8 финалдық плей-офф кезеңнің бесінші кездесуінде пензалық «Дизельден»  ұтылып қалды.  
 
 
Пензалықтар бірінші периодта өскемендіктердің қақпасына екі шайба соқты. Голдың авторлары - Евгений Чесалин мен Андрей Кузьмин. Қонақтар тек үшінші кезеңнің басында ғана есепте теңестірді, Виталий Меньшиков өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Бірақ, өкінішке қарай шығыс қазақстандықтар ойын соңына дейін таразы басын теңестіре алмады - 1:2. 
 
 
Осылайша сериядағы есеп өзгерді - 3:2, енді қос команда келесі ойынын Өскеменде өткізеді.  
 
 
«Дизель» (Пенза) – «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) 2:1 (2:0, 0:0, 0:1)
 
1:0 – Чесалин (Рычагов) – 09:18
 
2:0 – Кузьмин (Чесалин) – 16:45
 
2:1 – Меньшиков (Огородников, Савенков) – 51:40
 
Қақпашылар: Ключников – Полошков
 
Сериядағы есеп: 3:2