BadLeftHook басылымы бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгуйяның қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте еш мүмкіндігі жоқ екенін жазды.

«Мунгуйя - Хоган жекпе-жегін тамашалаған кез келген адам мексикалықтың өткен жылғы Лиам Смитке қарсы жекпе-жегіндегі осал тұстарының әлі де бар екенін аңғарды. Әлі де болсын көп соққыны жібереді. Қорғанысы - «тесік». Қысқасы, Головкин 37 жасқа келсе де оны тірідей «жеп» қояды. Хоган мен Смитке қарағанда Головкин әлдеқайда мықты», - деп жазды BadLeftHook басылымының журналисі Скотт Крайст.