Астанада өткен ел біріншілігінің кеңес отырысында, бірнеше маңызды мәселелер қозғалды, соның ішінде легионерлерге қатысты сұрақтар қарастырылды. 

2015-ші жылдан бастап мәжілістің қорытындысы бойынша Қазақстан азаматтығын алған, бірақ басқа ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен футболшылар, ел біріншілігінде қазақстандықтар деп саналмайды, деп хабарлайды КФЛ ресми сайты.