Швейцарияның Лозанна қаласында спортшылардың халықаралық 9-шы форумы өтуде.

Форумға Халықаралық олимпиада комитетінің барлық 206 мүшесі қатысып жатыр.

Жиын барысында ХОК комиссиясының 2017 жылы қарашада ұсынған даму стратегиясы сөз болмақ. Нақтылап айтар болсақ, әлемдегі әрбір спортшының құқығы мен міндеттері және мүмкіндіктері туралы мәселе қозғалады.

Форумда қатысушылар кең көлемді екі отырыс өткізіп, ортақ мәселелерді өзара талқылайды және ХОК президенті Томас Бахқа тікелей сұрақтарын қоя алады.

Қатысушылар арасында Қазақстан ҰОК өкілі, халықаралық қатынастар Департаментінің директоры Әлімжан Ақаев та бар.