Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында үшінші жекпе-жек өткізудің қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Америкалық боксшының пікірінше, Канело мен GGG-дің алғашқы екі кездесуі аса әсерлі бола қойған жоқ. Сондықтан оны жалғастырудың қажеті жоқ деп санайды.

«Головкин Канеломен екі рет жұдырықтасқан соң, енді үшінші жекпе-жек болуы керек санайды. Бірақ бұл жекпе-жек Майки Уорд пен Артуро Гатти кездесулерінен тым алыс. Сондықтан оны неге тағы да қарауымыз керек? Мен бармын, Джейкобс бар – Канело және Головкинмен тоқтап қалуға болмайды», - деді Андраде.